МақалаЕлімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, күннен - күнге үдеп келе жатқан ақпараттар ағымдары, білім саласындағы бәсекелестіктің артуы өскелең ұрпаққа қойылатын талаптарды күшейтуде. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат - жан-жақты, білімді, болашаққа жаңа көзқараспен қарай білетін және өзгерістерге, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқыту кезінде білім беретін ұстаз емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушының өзі екендігі, оқушылардың оқуға деген ынтасын күшейту, өз дербестігін дамыту.