Ұстаз -ұлы тұлға
Ұстаз болу- жүректің батырлығы,
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы.
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Мұғалім деген- ерекше тұлға дар шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Мұғалім деген-аяулы адам асыл жан,
Шәкірт кәңілінде күн болып жайнап жанатын.
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы.
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Мұғалім деген- ерекше тұлға дар шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Мұғалім деген-аяулы адам асыл жан,
Шәкірт кәңілінде күн болып жайнап жанатын.
Бәсекеге қабілетті тұлғаға білім беру - белгілі бір білім және жекелеген білім беру мекемесінің шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек мектептер ғана емес, сонымен қатар мектеп алды дайындық мектептері және кәсіби бағыттағы мектептер мен гимназиялар кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.
Қазіргі уақытта адамның қуаты қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуының жетекші факторы болып отыр.
Әлеуметтік дамудың қазіргі замаңғы тенденциялары білім берудің алдына жаңа міндеттер қойып отыр – оқушы бағдарын өзгерту, білім беру процесінде олардың қабілеттерін, ерекшеліктерін ашып, дамытуға айрықша ынта білдіру.
Ақпарат көп және тез өзгеруіне байланысты білім стратегиясын өзгерту қажеттілігі туып, бұрыңғыдай оқушыларға дайын білім бергеннің орнына, оқушының өзі білім алу жолдарын іздестіріп оны өмірде қолдана білуді үйрету.
Бұл мақсатқа жету үшін оқу-тәрбие үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдер енгізу және оқушының өздік дайындығына басым назар аудару. Ендігі қарым-қатынас былай болғаны дұрыс: оқушы – оқу материалы – мұғалім. Әр оқушы арнайы педагогикалық және әлеуметтік бағдарламаның басты назарында болуы қажет, өйткені өмір сүру жағдайын жақсарту және ұлттық гүлденуіне деген үлкен үміт осы ұрпаққа байланысты.